Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Суға түсіп кетіп, қаза тапқан балалардың ата-аналары жауапқа тартылмақ

Қостанай облысында мұз сынып кетіп, суға батып көз жұмған екі баланың ата-анасына айып тағылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Жітіқара қаласында орын алды. Суға батып бара жатқан жеткіншектерді алдымен 65 жастағы зейнеткер құтқаруға тырысқан. Кейін тәртіп сақшылары көмектесуге келіпті. Құтқарылған үш баланың екеуінің денесін үсік шалып, оқиға орнында опат болды. Ал сегіз жасар бала ауруханаға жеткізілген, дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы қазір жақсы. 

Ал балаларына жауапсыздықпен қараған ата-аналардың үстіне қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. 
«Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Ал балаларын қараусыз қалдырған ата-аналардың бес жылға дейін бас бостандығынан айырып не болмаса сол уақыт көлемінде бас бостандығынан шектелуі мүмкін», - Қостанай облыстық ПД баспасөз  хатшысы Ирина Беженарь. 

Айтуынша, құтқарушылар су қоймасының маңында рейд жұмыстарын жиі жасайтын көрінеді. Алайда балық аулаушылар мен балалар олардың сөзіне құлақ аспайтын көрінеді.

Талқылау