AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Славян базарының" жеңімпазы қазақстандық ару байқауға қатысу үшін 23 келі салмақ тастаған

Витебскідегі “Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің Гран-приін жеңіп алған жерлесіміз Рухия Байдукенова байқауға қатысу үшін 23 келі салмақ тастағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram

Онлайн брифинг барысында 22 жастағы қазақстандық бойжеткен бала кезінен "Славян базарын" көріп, қатысуды армандағанын жасырмай айтты.

"Бала күнімнен анама: "Мен бұл байқауға қатысып, жеңімпаз боламын. Еліміздің атынан жеңіске жеткен алғашқы қыз боламын” дейтінмін. Байқауға қатысу үшін мен моральдық жағынан да, физикалық жағынан да дайындалдым. Мен 23 келі салмақ тастадым", – дейді Рухия.

Алдағы шығармашылық жоспарлары туралы сұраққа жауап бере отырып, Рухия авторлық тректер мен клиптер шығаруды, тоқтап қалмай, тек алға жылжу үшін теледидарлық әлемдік конкурстарды іздеуді жоспарлағанын айтты.

Сондай-ақ Қазақстандық халықаралық продюсерлермен ынтымақтастық туралы ұсыныстарды қарастыруға және өз мансабын Қазақстаннан тыс жерлерде дамытуға дайын екенін жеткізді. 

Еске салсақ, Қазақстандық ару "Славян базары – 2021" байқауында Гран-при иегері атанды, ал Димаш Құдайберген үлкен қошеметке ие болды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр