Шөкеев ыңғайсыз жағдайға қалды: Әкімдік желіде таралған шапанға қатысты видеоға түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облысқа сапармен келген Түркия вице-президенті Фуат Октайға сыйлық ретінде табысталмақ болған делінген шапанды киген видеосы таралды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
видеодан скриншот
Қалқаманов өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев шапан киген видео жалған емес екенін, шынымен де өткен сенбі, 5 наурызда түсірілгенін айтты.
Бірақ Сәкен Қалқаманов жағдайды басқаша түсіндірді.
"Видеода университет (Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті-ред.) басшылығы тарапынан Түркия вице-президенті Фуат Октайды қарсы алып, Түркістан облысы әкімінің университетті дамытуға қосқан үлесін атап өтуге шешілген. Бұл оның жеке бастамасы еді, ол шапан сыйламақ болды. Бұл туралы облыс әкімінің аппаратында да, облыс әкімінің өзі де білмеген. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің басшылығы тарапы әкімге осылай сый білдіруді шешкен", – деді Қалқаманов өзінің Facebook - тегі парақшасында.
Сондай-ақ, Сәкен Қалқаманов өңірге сапармен келген Түркия вице-президентінің университет ректораты атынан марапатталғанын, оған да шапан берілгенін айтты. Бірақ бұл сәт видеоға түспеген.
- Нұрлан Өнербаев: Ахметжан Есімов Алматыға әкім болып келген соң маған орныңызды босатыңыз деді
- Депутат неліктен депозитке 10% өтемақы төлеу бастамасына қарсы шыққанын түсіндірді
"Менің ойымша, жоқ жерден кінәрат іздеудің қажеті жоқ. Өйткені бұл жалпығабірдей тәжірибе. Өкінішке қарай, видеоны түсірген адам оны толық жүктемеді. Онда Мухиттин Шемшек мырза мұның не үшін жасалып жатқанын ұзақ уақыт түсіндіреді. Толық нұсқада шапанның берілетінін көруге болады. Менің ойымша, бұл дұрыс емес, бірақ бұл оны таратқан адамның арының мәселесі. Әрине, әкімдік пен университет басшылығы тарапынан ешқандай қудалау болмайды. Бірақ, мұндай бейненің қысқартылған форматта таратылуына жол берілмейді деп есептейміз", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Сондай-ақ, ол университет әкімшілігінің орнына мәселеге түсініктеме беріп отырғанын айтты.
"Өкінішке қарай, қазір маған университет ректоры Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі оған түсініктеме беруге және журналистердің сұрақтарына жауап беруге тыйым салғанын айтты. Неліктен? Білмеймін. Сондықтан университеттің орнына мен қазір бұл жағдайға түсініктеме беруге мәжбүрмін", – деп түйіндеді Сәкен Қалқаманов.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
