Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-дағы су тасқыны: Даниал Ахметов әкімдерге Наурыз мейрамында босаңсымауды тапсырды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқыны қаупіне байланысты, Наурыз мейрамына орай берілген демалыс күндері әкімдерге босаңсымауын тапсырды, деп хабарлайдың ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Облыс басшысы селекторлық жиында су тасқынымен күрес шараларын талқылады. Сонымен қатар аудан және қала әкімдеріне Наурыз мейрамына орай берілетін демалыс кезінде босаңсымауды тапсырды.

Жарма ауданындағы Шар өзенінің бойында жылдық қар мөлшерінің 30 пайызы ерімеген. Осыған байланысты облыс басшысы өзен бойындағы елді-мекендерді бақылауға алуға тапсырды. Сондай-ақ, Семей-Қалбатау жолы да бақылауға алынады.

«ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің орынбасарлары мен жергілікті әкімдерге өңірдегі арық-бөгет жүйесін, суағарларды бақылауда ұстауды тапсырды. Өңірдегі аудандардың ағымдағы жағдайы көрсетілген карта ұсынылды. Жергілікті әкімдер мейрам күндері картада көрсетілген қар суы мол жиналуы мүмкін орындарды назарға алып, судың үйлер мен көшеге жайылмауын бақылауы керек», – деп мәлімденеді хабарламада.

Айта кетсек, «Қазгидромет» РМҚ мамандарының болжауынша, бейсенбі мен дүйсенбі аралығында Шығыс Қазақстан облысында жауын жауып, күн жылуы ықтимал. Өз кезегінде ол су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан шығуына ықпал етуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да дәрігер тастанды баланы құтқару үшін өзі емізген

ҰҚК банк карталарынан ақша ұрлайтын сайт пайда болғанын айтып дабыл қақты

Көпбалалы ана бірінші некеден туған қызын екінші күйеуі зорлағанын айтып жылады

Бас прокуратурада «зорланған» 7 жасар баладан жауап алынып жатыр

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Наурыз, 2018 07:43
Талқылау