Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпбалалы ана бірінші некеден туған қызын екінші күйеуі зорлағанын айтып жылады

Бес баланың анасы Раушан Ермұратова (ред. аты-жөні өзгертілді)  екінші күйеуінің бірінші некеден туған қызын зорлағанын айтып берді. Ол екінші күйеуімен 9 жыл бірге тұрған екен. Раушанның сөзінше, сұмдық оқиға бір жыл бұрын болған.

Бұл туралы КТК арнасының «Наша правда» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Раушан Ермұратованың сөзінше, екінші күйеуі бірінші некеден туған 11 жасар қызын зорлаған. Әйелдің екінші күйеуімен арасында 4 баласы бар екен.

Күйеуі Нұрлан 11 жасар өгей қызына күн көрсетпеген. Тіпті, үнемі ұрып-соққан екен. Ең сорақысы, оның кішкентай қызға жасаған азғындық әрекеттері болып тұр.

Раушан жұмысынан келгенде, қызы сұмдық жағдай туралы айтып берген. Қызының айтуынша, анасы жоқта өгей әкесі оны құшақтап, азғындық әрекеттерге барған.

«Жұмыстан келгенімде қызым әкесінің өзін жақсы көретінін, мен жоқта құшақтап, «жаным» деп айтқанын айтты», – дейді Раушан.

Десе де өгей әкесі қызын қорқытып, болған оқиға туралы анасына тіс жарса, екеуін де өлтіретінін айтқан. Осы себепті қыз анасына барлық шындықта айтуға қорыққан сыңайлы.

Алайда әйел болған оқиға туралы құқық қорғаушыларға хабарлаған. Мұнан кейін тергеу амалдары жүргізіліп, кішкентай қыз басынан өткен жайлы тергеушілерге айтқан. Тергеу амалдарының нәтижесінде өгей әкесінің қызына сексуалды сипаттағы азғындық әрекеттер жасатқаны анықталды.

Оқи отырыңыз:

Қостанай тұрғыны риэлторлардың кесірінен айырылып қалған пәтерін 7 жыл бойы қайтара алмай жүр

Бас прокуратурада «зорланған» 7 жасар баладан жауап алынып жатыр

Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

Талқылау