Бас прокуратурада «зорланған» 7 жасар баладан жауап алынып жатыр

Бас прокуратурада сарыағаштық 7 жасар баладан жауап алынып жатыр. жауап алу барысында балаға Абай ауылында болған сұмдық оқиғаны бірнеше рет еске алуға тура келді. Жәбірленушінің қорғаушысы Бауыржан Азанов қазіргі уақытта балаға өте қиын екенін, оның тез шаршап, тынығуға жиі шығатынын айтты.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тергеу амалдарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Бас прокуратура өкілдері 7 жасар баладан кейін кәмелет жасқа толмаған айыпталушылардан жауап алады. Олар Абай ауылында мемлекет қорғауында отыр.

Қорғаушының сөзінше, қазіргі уақытта бала мен анасы аздап тынышталып, өз-өзіне келген. Ал істің мән-жайы анықталу үшін әлі де бірнеше сараптама керек екен.

«Бұл іс бойынша көп сараптама тағайындалады. Әр сараптаманы жасау үшін кемінде бірнеше апта қажет. Менің ойымша, қылмыстық істің өндірісі бірнеше айға созылуы мүмкін. Ал тергеу амалдарының өндірісі мән-жайдың анықталуына, процесте қанша қатысушы болатынына байланысты», – дейді қорғаушы Бауыржан Азанов.

Оқи отырыңыз:

Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

Астана тұрғыны электр қуаты үшін 13 миллион теңге қарызданып қалды

Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы қарамағындағыларға дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар