Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК банк карталарынан ақша ұрлайтын алаяқтар пайда болғанын айтып дабыл қақты

Алаяқтар қазақстандықтарға мобильді мессенджерлер арқылы «Homebank» аталатын төлем жүргізуге ыңғайлы «жаңа порталға» тіркелу туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Көрсетілген сілтеме бойынша өткен кезде “Homebank» порталына кіргеніңізді көрсететін парақша ашылады. Онда төлем картасы туралы мәліметтер енгізу сұралады. Талап етілген мәліметтер көрсетілген жағдайда, қаскүнемдер сіздің банк картаңыз туралы мәлімет алып, ол арқылы ақша ұрлай алады», – дейді ҰҚК мамандары.

Қазіргу уақытта аталған интернет-ресурс бұғатталды. Ал банк клиенттеріне ақапараттық қауіпсіздік жөніндегі қарапайым ережелерді сақтауға кеңес берілді.

«Мейрам кезінде сатып алынатын заттар мен жарнамалық таратылымдар көлемі артатындықтан, аса сақ болып, күмәнді парақшаларға өтпеуге шақырамыз», – дейді ҰҚК мамандары.

Ал банк картаңыз арқылы жасалған операциялар тізімінен кез-келген өзгерісті байқасаңыз, мысалы, бұған дейін болмаған жол пайда болса, қолданушылар бірден банктердің колл-орталықтарына хабарласуы тиіс.

«Банктен қоңырау келіп, сөйлесу барысында сізден картаңыздың нөмірі, CVV коды, ПИН код, төлемдер туралы мәліметтер, кұпия сөз тәрізді мәліметтер сұралса, бірден сақтық танытқаныңыз жөн. Мұндай мәліметтер сұралған жағдайда, ешқандай мәлімет бермеуге, қоңырауды тоқтатып, банктің колл-орталығына қоңырау шалуға кеңес береміз», – дейді мамандар.

Сонымен қатар SMS-хабарламалар және бір реттік кодтар келетін телефон құрылғысының қауіпсіздігіне мән берген абзал.

«Егер мұндай телефон ретінде смартфон қолдансаңыз, вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы орнатуға кеңес береміз», – дейді қауіпсіздік мамандары.

Сонымен қатар хабарлама жіберілген мекен жайды тексеріп алыңыз. Себебі қаскүнемдер таныс адамыңыздың немесе сенімді ұйымның атын қолданып, бір-екі әрпін өзгертіп, хабарлама жіберуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында 7 жұмысшының тірідей өртеніп кетуінің себебі айтылды

Көпбалалы ана бірінші некеден туған қызын екінші күйеуі зорлағанын айтып жылады

Қостанай тұрғыны риэлторлардың кесірінен айырылып қалған пәтерін 7 жыл бойы қайтара алмай жүр

Бас прокуратурада «зорланған» 7 жасар баладан жауап алынып жатыр

Талқылау