Шымкентте "Шымқала - таза қала" атты қалалық сенбілік өтті
Мегаполисте 2 қазан күні "Шымқала-таза қала" атты жалпы қалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала тұрғындары, мектеп, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері мен мешіттер, коммерциялық нысандардың ұжымдары белсенді қатысты.

Қала тұрғындары көп қабатты тұрғын үй аулаларында және жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстарын жүргізді. Ал, әлеуметтік мекемелер мен мешіттер және коммерциялық ұйымдардың ұжымдары өз нысандырының аулалары мен іргелес аумақтарын тазалады.
Жалпы қалалық сенбілікке 36 мыңнан аса адам қатысты. Олармен жол жиектері, ирригация және арық жүйелері тазаланып, 1 375,9 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Жұмысқа барлығы 114 техника жұмылдырылды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр