AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стадионды бұзуға қарсы шыққан: Шымкентте полицейлер тұрғындарды соққыға жықты

Шымкент әкімдігі Қызылжар ықшамауданындағы 70 жылдық тарихы бар стадионды бұзып, емхана құрылысын бастаған. Алайды халық, бұл мекемеден ешқандай пайда болмайды деп, оның құрылысына қарсы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Қарсы шыққан тұрғындар тәртіп сақшыларымен қақтығысып қалған. Емхана деген аты болмаса, жекеменшікке өтіп жатыр деген тұрғындар балалары барып жүрген спорт алаңы үшін уайымдайтындарын айтты. Сондықтан жұрт құрылыс бастауға келген техниканы тоқтатпақшы болған.

Бірақ полицейлер қарсылық танытқандарды соққыға жықты. Жыл басынан бері емхананың салынуына қарсы болған тұрғындар стадион сүрілсе, күнделікті жаттығу жасайтын 500-дей бала қайда барады деп қынжылады.

“Сегіз айдан бері кіргізбей жүргенбіз. Бүгін бүкіл ОМОН, полицияны жинап келіп, бәрінің мазасын алып, бір кварталды толық жауып қойып, стадионымыздың ішіне бульдозермен кіріп алды. Қақпаның алдында тұрдық. Қарсылық көрсеттік. Өзі жалғыз стадионды қалдыр дедік, жиналып бардық”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Вахиджан Ташболатов.

Бірақ полицейлер қарсылық танытқандарды таяқтың астына алыпты. Тіпті телефонға түсірген оқушыларды да аямапты.



“Бес-алтауы көлікке салып алып кетті. Дүкенге шыққам, "телефон ұстап тұрсың, неге түсіріп жатырсың?" деп, мені көлікке салып әкетті. Бүйірімнен қатты ұрды, көзім көгеріп кетті. Боқтап, шешеден кетіп, түрлі боқтық сөз айтты”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Бабыр Ашурметов.

Ал тұрғындар жолай алмай жатқан стадион бірден құрылыс алаңына айналып шыға келді. Алаң ортасында бірден шұңқыр пайда болып, футбол қақпалары жиналып жатыр.

Таңертең кірген жұмысшылар мен арнайы техника бірер сағат ішінде алаңның астаң-кестеңін шығарды. Қазір ел өз қаржысына қойған орындықтарды да алып тастап жатыр.

Ал шенеуніктер 68 мың тұрғынға қызмет көрсететін №9 емхана ескірген соң, осы стадионның орнына жекеменшік есебінен емдеу мекемесін тұрғызбақшы. Стадионның орнына жақын жерден бірнеше балалар алаңқайын салмыз дейді.

“Жеке инвестордың есебінен №8 емхананы басқа жерге жалға көшіріп, ол жерді бұзып тастап, соның орнына 80 соттық жерге тұрғындарға бюджет есебінен, қала бюджеті есебінен спорт балансына алып, сол жерден спорт алаңшасын саламыз. Бұл тоқтамайды, басталады. Тоқтатылмайды", – дейді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.

Ал тұрғындар "емхана саламыз" деген сылтаумен стадион жекенің қолына өтіп кетті деп отыр. Сондықтан тұрғындар жаппай қол жинап, құрылысты тоқтатсын деген талаппен Елордаға аттанбақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр