Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 23 жастағы тұрғын бесінші қабаттан құлап көз жұмды

Шымкент қаласының тұрғыны бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

құлау

"Бесінші қабаттан құлаған азамат қайтыс болды. 26 қазанда сағат 20.00 шамасында 1997 жылы туған жергілікті тұрғын Тұрысов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап, алған дене жарақатынан қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында.



Сот-медициналық сараптама тағайындалды, "өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бойынша тергеу жүргізілуде.

"Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп қорытындылады полиция.

Талқылау