Шетелдік жүк көлігі жүргізушілеріне АҚШ-қа виза беруге тыйым салынды
Фото: freepik.com
АҚШ бұдан былай басқа елдерден келген жүк көлігі жүргізушілеріне виза бермейтін болды. Бұл шешімді қайғылы оқиғалардың бірінен кейін Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік хатшы Марко Рубио X парақшасында АҚШ-тың коммерциялық жүк көлігі жүргізушілеріне жұмыс визасын беруді тоқтатып жатқанын хабарлады.
"АҚШ жолдарында жүк тіркемелері бар ірі көліктерді басқаратын шетелдік жүргізушілердің көбеюі америкалықтардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Сонымен қатар жергілікті жүк көлік жүргізушілерінің күнкөрісіне де нұқсан келтіріп жатыр", – деп жазды ол.
New York Post-тың дерегінше, бұл шешімді шығаруға АҚШ-та заңсыз жүрген жүк көлігі жүргізушісінің Флоридада ірі жол апатын жасап, үш адамның қаза табуы себеп болған. Оқиғадан соң жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
Кейін оның Үндістан азаматы екені анықталды, ол Калифорнияда ұсталған.
Айта кетейік, бұған дейін мигранттар 22 мың тонна Coca-Cola сусыны тиелген жүк көлігімен Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғаны туралы жазған едік.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр