Шетелдік клубтарда ойнайтын қазақстандық футболшылар қанша жалақы алады
Қазіргі таңда бірнеше қазақстандық футболшы шетелдік командаларда ойнайды. Олардың ішінде Бахтияр Зайнутдиновтың жалақасы ең жоғары деп танылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бахтияр Зайнутдинов ресейлік ЦСКА футбол командасында ойнайды. Жақында тараған ақпаратқа сәйкес оның жылдық жалақысы 1,3 миллион еуро. Осылайша ол ең жоғары жалақы алатын қазақстандық футболшы атанды.
Тараздық Бауыржан Исламхан "Қайрат" командасында ойнаған кезде жылдық жалақысы 1 миллион долларға жуық болған. Кейін "Аль-Айне" командасында жалақысы миллион доллардан асты. Қазір футболға қайта оралған соң ол "Ордабасы" сапында өнер көрсетеді, дегенмен жалақысы туралы деректер жоқ.
Түркияның "Газиантеп" командасында ойнайтын Александр Меркельдің жалақысы 850 мың еуро болған. Алайда жойқын жер сілкінісінен кейін келісімшарт пен жалақы мөлшері өзгеруі мүмкін. Себебі "Газиантеп" командасы Түркия чемпионатынан шығып кетті.
Талқылау

