Шардаралық жігіт қол күрестіруден әлемнің 26 дүркін чемпионын жеңді
Қазақстандық спортшы-армрестлер Қыдырғали Оңғарбаев халықаралық East vs West турнирінде әлемнің 26 дүркін чемпионы, армрестлинг аңызына айналған Джон Брзенкті жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Shardara.armsport Instagram-парақшасындағы мәліметке сәйкес, Оңғарбаев 58 жастағы Брзенкті 3:1 есебімен жеңген. Екінші қазақстанжыө Сарыбай Ердәулет әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, түркиялық Юсуф Илдызоглуды 3:0 есебімен жеңді.
Оңғарбаев – танымал жаттықтырушы Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Қыдырғали ауыр салмақта Қазақстан мен Азияның абсолютті чемпионы, әлем чемпионы және Әлем кубогының иегері.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді

