Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар министрдің тенгенің тұрақталғаны туралы мәлімдемесіне қарсы шықты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров доллардың не себепті арзандағанын түсіндіріп, теңгені ревальвациялаудың басталғанын мәлімдеген еді. Енді үкімет бюджетті қайта қарамақшы. Алайда сарапшылар министр мәлімдемесіне қарсы шығып, ревальвацияның әзірге мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

теңге

Сарапшылар мемлекет валюта бағамын бақылауда ұстаса ғана ревальвацияның мүмкін екенін айтады. Ал теңге қазір бақыланбайды. Сонымен қатар теңгенің нығая түсуіне рубль себеп болған. Өйткені Ресей Орталық банкі монетарлы саясат жүргізіп, газды тек рубльмен сату туралы шешім қабылдаған. Әрі ел ішінде доллар айналымына тыйым салған.



Мамандар теңге бағамына қатысты болжам жасаудың еш мәні жоқ дейді. Қазір ұлттық валютамыздың жай-күйі әлемдік саяси ахуалға байланысты болып отыр. Теңгеге кез келген санкция әсер етуі мүмкін. Дегенмен экономистер барлық қаржыны долларға айырбастауға кеңес бермейді. 

"Бізге тікелей әсер ететін санкциялардың екінші легі болуы мүмкін. Еуропа қиналатынына қарамастан, Ресей мұнайын экспорттауға тыйым салуы да ықтимал. Әзірге әскери жанжал кезінде экономикада кез келген оқниға орын алады. Сондықтан бейбітшілік туралы келісім жасалған тұста ғана болжам жасауға болады", – деді экономист Андрей Чеботарев.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров валюта нарығындағы жағдайға қатысты пікір білдірген еді. Оның сөзінше, доллар әрі қарай да арзандай береді.

Назархан Уән
Сәрсенбі, 30 Наурыз, 2022 08:55
Талқылау