Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Экономикамыздың күші жетпейді": Қаржыгер теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді

Қазақстанда соңғы екі күнде теңге бағамы тұрақталып келеді. Сауда нәтижесінде доллар бағамы орташа есеппен 494 теңгені құрады. Соңғы тәулікте америкалық валюта 1 теңге 11 тиынға арзандады. Теңгенің бағамына қатысты сарапшылар пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

теңге

Бұл туралы қаржыгер Серік Қозыбаев айтып берді. 

“Теңгенің өздігінен нығаюына экономикамыздың күші жетпейді. Біз рубльге тәуелдіміз. Владимир Путин Еуропаға газдың рубльге сатылатыны туралы мәлімдеме жасағаннан кейін рубль нығайды. Мен теңгенің нығаюын қысқа мерзімді деп есептеймін. Дәл қазір долларды арзанырақ сатып алуға мүмкіндік бар”, – дейді ол. 

Сарапшы Путиннің мәлімдемесіне қатысты да болжам жасады. 

“Путиннің газды рубльге сатып алуға дайын еместігі туралы мәлімдемесіне Словения қазірдің өзінде реакция білдірді - келісім-шарттарда басқа валюта көрсетілген. Менің ойымша, ресейлік газды үлкен көлемде сатып алатын басқа елдер де бұған дайын емес шығар. Еуропа Ресейге қарсы санкциялар аясында ресейлік газдан бас тартуды көздеп отыр. Олар мұны бірден жасай алмайтыны анық”, – дейді Қозвбаев.

Талқылау