Сабаленка мен Рыбакина WTA тарихындағы 12-кездесуін өткізеді

15 тамызда АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінде ширек финал кезеңі басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы матчта әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Сабаленка мен Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №10) кортқа шығады. Бұл — олардың WTA турындағы 12-ші бетпе-бет кездесуі. Қазір жеке кездесулердегі есеп 7:4 Сабаленконың пайдасында.
Соңғы рет теннисшілер осы жылдың маусым айында Берлиндегі турнирдің ширек финалында жолыққан еді. Ол кезде Сабаленка 7:6 (6), 3:6, 7:6 (6) есебімен жеңіске жетіп, шешуші сетте төрт матчболды қайтара білді.
Алдағы ойын соңғы жылдардағы әйелдер теннисіндегі ең тартысты және қызық бәсекелестіктің жалғасы болмақ. Рыбакина есепті қысқартуға, ал Сабаленка жеке кездесулердегі басымдығын арттыруға тырысады.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

