AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рухия Байдүкеноваға кәсіпкерлер су жаңа автокөліктің кілтін табыстады

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов “Славян базары" байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенованы қабылдады. Бұдан соң әншіге өңірдің кәсіпкерлері көлік сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Амандық Баталов бойындағы талант пен еңбекқорлығының арқасында Рухия Қазақстанды халықаралық аренада танытқандығын айтты. 

"Осы байқауда жеңімпаз атанды дегенді естігенде қатты қуандым. Бұл – үлкен жетістік. Қазақстанды әлемдік деңгейге таныта білдің. Бойыңдағы талантыңа сөз жоқ. Бірақ еңбек пен алдыға деген ұмтылыс сені жеңіс тұғырына көтерді. Байқау алдында кездескенімізде өзіңе шын көңілден сәттілік тілеп едім. Тілегімнің орындалғанына қуанып отырмын. Есімдері тарихта алтын әріптермен жазылған Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішов есімді ұлы талант иелері сияқты биік белестерден көріне бер", – деді әкім.



Сондай-ақ Рухия Байдүкенова алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткен Амандық Баталовқа ризашылығын білдірді.

“Талдықорғандықтардың маған деген сенімі күш беріп, жеңіс тұғырына көтерді. Сол себепті жеңімпаз статуэтканы Амандық Ғаббасұлы өзіңізге табыс еткім келеді", – деген талантты әнші Рухия Байдүкенова өзінің лебізін жеткізді. 

Соңынан Рухия Байдүкенова жерлестерімен кездесті. Талдықорған қаласының меценаттары мен кәсіпкерлері оған "Hyundai” маркалы автокөлігін сыйға тартты. Сондай-ақ Рухияның ұстазы Серікжамал Әжібекова мен қолдаушысы Қымбат Досжанға 1 млн теңгенің сертификатын табыстады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр