Петропавл әкімдігі 8 млн теңгеге кілем сатып алмақ болған
Петропавл қаласының әкімдігі 8 млн теңгеге кілем сатып алмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, бұл жағдай мемлекеттік сатып алулар сайтына жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
"Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін Петропавл қаласы әкімінің аппараты шаршы метрін 35 000 теңгеге сатып алу жоспарланған кілемдерді сатып алу бағасын қайта қарады, нәтижесінде, 7,8 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану әрекеті тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, департамент мониторингі аясында СҚО бойынша МКД-ның экспорттық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу саласындағы қызметінде жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша 12 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"