Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сауда үйінің шатыры құлаған: Екі адам зардап шекті

Павлодарда сауда үйінің шатыры жартылай құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 7 шілдеде түстен кейін сағат 14.00 шамасында болды. Павлодар облыстық ТЖД "112" пультіне сауда үйінде шатырдың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері келді.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, сауда үйінің бүйірлік шатыры құлаған. Құтқарушылар құрылымды бөлшектеуге кірісті.

1975 жылғы ер адам үйіндінің астында қалған. Оның екі аяғы сынып, ауруханаға жатқызылды. 

Жедел жәрдем құтқарушылар келгенге дейін тағы бір ер адамды ауруханаға жатқызды.

Жедел медициналық жәрдем станциясының ақпараты бойынша, 13.52-ге келіп түскен шақыру бойынша екі медициналық бригада жіберілді. Бес минуттан кейін дәрігерлер орнында болды.

"1971 және 1975 жылғы екі адам ауруханаға жеткізілді. Біріншісіне жабық бас миының жарақаты және мидың шайқалуы, екіншісіне политравмва және травматикалық шок диагнозы қойылды", – дейді дәрігерлер.

Талқылау