Павлодарда пансионатта қылмыстық топ зейнеткерлерді аш қалдырып, соққыға жыққан
Павлодарда қарт адамдарды азаптап, алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Павлодар облыстық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді жүйелі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
“Пансионат қызметкерлері 20 қарттың конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтану мен жүріп-тұруын шектеп, ұрып-соққан). Сондай-ақ қайтыс болған тұрғындардың пәтерін ұзақ уақыт жалға беріп келген", – делінген хабарламада.
Жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі өндіріс қозғалып, тергеу ішкі істер органдарына жүктелді.
Тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтіргені туралы жазған едік.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған