Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда өртеніп кеткен мектептің оқушылары офлайн оқуға оралды

Мектебі өртеніп, онлайн оқып жатқан павлодарлық №28 мектептің оқушылары екіге бөлініп, қайтадан офлайнға оралды. Бастауыш буындағы 557 оқушы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейіне барса, қалған 5-11-сыныптардың 529 оқушысы №35 мектептен оқитын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мектеп

"Өткен аптада №28 ЖОББМ оқушылары үшін сабақтар онлайн өткізілді. Тек бүгіннен бастап бастауыш буындағы 557 оқушы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде офлайн режимде оқиды. Қалған 5-11-сыныптардың 529 оқушысы №35 жалпы орта білім беру мектебіне барады. Барлық сабақтар кесте бойынша өткізіледі. Жағдай бақылауға алынған", - деді мектеп директоры Гүлмира Мантықова. 



Оның айтуынша, екі мектепте де жаңадан келген балаларға тамақтандыру ұйымдастырылған. Өрт болған мектепте жөндеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін №28 мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кеткені туралы хабарлаған едік. Мектептен 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.

Назархан Уән
Сейсенбі, 26 Сәуір, 2022 08:25
Талқылау