Павлодар облысында орман өртінің аумағы 850 гектарға ұлғайды
Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімінің баспасөз қызметім оның аумағы 850 гектарға жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хбарлайды.

Өртті сөндіруге барлығы 329 жеке құрам, 101 техника және екі ұшақ Ми-17 және Ми-171 ұшағы Қорғаныс министрлігінен жұмылдырылды.
Таңертеңгі сағат 7:30-да Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов орман шаруашылығы аумағынан ұшып өтті.
Жанудың белсенді кезеңі Бауыртау орман шаруашылығының 98 орамында орын алған.
"Ертіс орманы" қорығында өрт 15 шілдеде басталған. Кешке өрттің аумағы 400 гектарды құрайтыны хабарланды.
Еске салсақ, Cүгір ауылының тұрғындары Павлодар облысындағы орман өрті салдарынан эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"