Париж-2024: Елдос Сметов олимпиада ойындарының күміс жүлдегерін жеңіп, жартылай финалға шықты
Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Париж олимпиадасының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдос Сметов Париж олимпиадасының жартылай финалына шықты. 60 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы айналымда нидерландық Торнике Чакадуадан басым түссе, екінші кезеңде украин Дильшот Халматовпен белдесті. Сметов Халматовты “вазарри” әдісімен жеңіп, ширек финалға шықты. Ал ширек финалда Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, тайпейлік Янг Вэйден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда испаниялық Франсиско Гарригоспен белдеседі.
Айта кетейік, Қазақстан Париж олимпиадасынан алғашқы медалін жеңіп алғанын жазған едік.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”

