Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіне жақындарға ғана сағат береді": Оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ ректорына қарсы арыз жазды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы қазақ ұлттық университетінде кездесу өткізіп жатқанда Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректорын оқытушылардың бірі сотқа берді. Докторант және бұған дейін аталған университетте оқытушы болып қызмет атқарған Қалдыгүл Тасболатова университет басшылығы қазіргі уақытта өзін еш себепсіз жұмысқа алмай отыр деп есептейді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

23 жылдан бері ұстаздық еткен Қалдыгүл Тасболатова биыл университетте өзіне сағат жетпей қалды дегенге сене алар емес. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне былтыр доктарантураға түсіп, оқытушы болып 0,5 бірлікте дәріс берген ол биыл қалайша ешкімге керексіз болып қалдым деп қынжылады. 

«Зейнет жасындағы мұғалімдерге бірінші кезекте сағат береді. Содан кейін өзіне жақын деген мұғалімдерге сағат береді. Ректор бұйрығымен біз жылда кафедраны жасартып, жас мамандармен толықтырамыз деп жатады. Алайда төрт жылдан бері бұл тек сөз жүзінде қалып қойып отыр» - дейді Қалдыгүл Тасболатова.

Университетте өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік берілмейтінін түсіндім деген Қалдыгүл ректорға арыз жаздым дейді. Алайда, оның шағымы ескерілмей қалған. Сол себепті, аталмыш мәселелердің бас аяғын жиып, докторант Медеу аудандық сотына арызданды.

Университет ректоры іссапармен Нұр-Сұлтанға кеткен екен. Ал, оқу ісі жөніндегі проректор доктаранттардың бәріне бірдей сағат табылуы қиын деп отыр. Оқытушыларға беретін сағат мәселесін түптеп келгенде факультет кафедрасы шешеді дейді. Бұл оқиғаның соңғы нүктені сот қоятын секілді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап жатыр

Қала әкімдігі эвакуация жасауға еш себеп жоқ дейді

Димаш Құдайберген "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды

Құрметті азаматтар қатарына облыстан 10 адам ұсынылды

"Күзетші орнына кәдімгі офицер отыру керек": Депутаттар мектеп оқушыларының қаупісіздігіне алаңдаулы

Шенеуніктер мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералар орнатылмағанын айтты

TIME журналы "Жыл адамы - 2019" жариялады

Мұндай атаққа ең жас тұлға ие болды

Әлемдік зерттеуде қазақстандықтардың білім деңгейі тексерілді

Қазақстандықтар Испания, Италия тұрғындарымен бір деңгейде

Білім және ғылым министрлігі орта білімді дамыту үшін 18 триллион теңге сұрап отыр

"Мәселенің көпшілігі бюджет мүмкіндігіне қарай шешіледі"

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Желі қолданушыларының бірі режиссердің сөзін қолдаса, бірі түсінбестік танытты

Өзі қылмыскермен бірге тұрды: Полиция Максим Гарифуллиннің анасының пікіріне түсініктеме берді

Баланың анасы әпкесін өлтірген қылмыскермен бірге тұрған

"Құдықтың қабырғасынан ұлымның қолының ізін көрдім": Құдықтан өлі табылған баланың анасы алғаш рет сұхбат берді

Адвокаты сараптаманың сапасыз жүргізілгенін айтады

ҚР банктерін сақтау үшін миллиард доллар жұмсалмақ: Ұлттық банк түсініктеме берді

Банк активтерінің сапасын бағалау желтоқсанның соңына жоспарланған
Çàãðóçêà...