Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз туысын өлтірді деп күдіктелген қазақстандық боксшы екі айға қамауға алынды

Қостанай аудандық соты қазақстандық боксшы Аслан Мұқановқа қатысты екі ай қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аслан Мұқанов

Қостанай аудандық полициясының аға лейтенанты, тергеуші Рогожина қамауға алу туралы өтінішхат берген. Аудандық прокуратура  өтінішті мақұлдады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы адам өлтірді деп күдіктеліп, тұтқындалғанын хабарлаған едік. Артынша оның өз туысын өлтіріп алғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалған.

Талқылау