Қазақстандық микроқаржы ұйымдары артық төлем сомасын дұрыс есептемейді – Қаржы нарығын реттеу агенттігі
2024 жылдың басынан бастап алты микроқаржылық ұйым лицензиясыдан айырылған. Оның жартысы ірі қаржы ұйымдары. Себептері – заңнама талаптарын жүйелі түрде бұзу. Бұл туралы банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбеков айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бидайбек атап өткендей, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржыландырудың барлық субъектілеріне бақылау-қадағалау іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.
Лицензиядан айыруға бір факт емес, бірнеше факт себеп болып отыр. Тиісінше, заң бұзушылықтардың ауқымымен қатар, жүйелі сипаты бар лицензиялардан айыру туралы шешім қабылданды, - деді Нұржан Бидайбеков.
Қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 88 микрокредит беру субъектісінің жұмысы тоқтатылған.
Микро қаржы ұйымдарының негізгі бұзушылықтарының ішінде:
- борыштық жүктеме коэффициентін есептемейді;
- 60 күн кешіктірген кезде микрокредиттер беру;
- есептеу талаптарын бұзу;
- кредиттік бюроға ақпаратты уақтылы ұсынбауды және сыйақының шекті мөлшерлемесінен асып кету бар.
Сондай-ақ, өткен жылы микроқаржы ұйымдарына 370 тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша 198 қадағалау шарасы шығарылып, 155 млн теңге сомасына 529 айыппұл салынды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”