Оралда әйел тізгіндеген көлік 10 жасар қызды қағып өлтірді
Оралда Тойота Прадо көлігін тізгіндеген әйел оқушы қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 26 қазан күні таңертеңгі уақытта Орал қаласындағы Кердері көшесінің бойында болған. Полицейлердің мәліметінше, қыз жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.
"Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген кәмелетке толмаған қыз есін жимастан көз жұмды", - деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының полиция басқармасы.
- Талғарда жас жігітті көлігімен қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші видеоға түсіп қалды
- БҚО-да екі адам көлік апатының салдарынан өртеніп кетті (видео)
- Қостанайда мас күйінде көлік айдаған судья қызметінен босатылды
Жүргізілген медициналық сараптама жүргізушінің алкогольді ішімдікті қолданбағанын көрсетті.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Мән-жайды тексеру барысында қыздың дүкеннен үйге жалғыз қайтып келе жатқаны, оның екінші ауысымда оқитыны анықталды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ