БҚО-да екі адам көлік апатының салдарынан өртеніп кетті (видео)
Батыс Қазақстан облысында жол апаты орын алып, көлікте болған екі адам данып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 24 қазан күні Ақжайық ауданы аумағында болды.
“Орал-Атырау жолының 209-шақырымында "Лада Веста" және "Лада Приора" автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан автокөліктер өртенген. "Лада Приора" автокөлігінің ішінде болған екі адам жанып кетті”, – делінген БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Лада Вестада" түрлі жарақат алған 31 жастағы ер адам мен оның 30 жастағы әйелі Ақжайық аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен трассалық медициналық құтқару бекетінің қызметкерлері де барды.
Полиция қызметкерлері оқиға бойынша тергеуді бастады.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”