Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда мас күйінде көлік айдаған судья қызметінен босатылды

Қостанайда қалалық сот судьясы мас күйінде көлік жүргізгені үшін лауазымынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

сот

Тәртіптік іс жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқалары отырысында қаралды. Жол апаты тамыз айының соңында болған. Судья мас күйінде рөлге отырып, шағын аудандардың біріндегі бағанаға соғылған.

Сонымен қатар оқиға ойын алаңынан бірнеше метр қашықта орын алған. Зардап шеккендер жоқ.


Қазақстанда тоғыз банк таратылмақ 


Судья бірден ақысыз демалысқа шыққан. Біраз уақыттан кейін облыстық соттың сайтында бұл факт расталды. Нәтижесінде, жоғары сот кеңесі судья этикасына қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.

Талқылау