Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқу ақысы 2,5 млн теңге": Алматыда шетелге түсіремін деген орталыққа алданған ата-аналар ереуілге шықты

Алматыда оқу орталығына алдандық деген ата-аналар ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Алматыда қаласындағы шетелге оқуға түсірумен айналысатын “Zeyn qoi” орталығының алдына бір топ ата-ана жиналды. Әлеуметтік желіде наразылық акциясының видеосы тарады.

“Бір жыл бұрын ұлым Zeyn qoi жарнамасын көріп, шетелге түсуге дайындалу үшін осы мектепке оқуға түстік. Банктен несие алып, барлық соманы екі жылда төледік, шарттары осындай болды. Біраз уақыттан кейін ұйымның Foundation сертификаты жоқ екенін білдік, ал онда сабақ беретін ұстаздар университетті енді ғана бітірген қарапайым студенттер, яғни ұстаздық тәжірибесі жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар бір жыл бойы мұғалімдер мен кураторлар екі-үш ай сайын ауысып отырды. Бізге, ата-аналарға балалардың оқуы туралы ешқандай мәлімет берілмеді”, – дейді наразы ата-аналардың бірі өз жазбасында. 

Ата аналар осыдан 6 ай бұрын орталықтың басшысы барлық мәселелерді шешуге сөз бергенін айтады. 


12 млн теңге берген: Түркістанда мемлекеттен тегін грант алғысы келген әйел алаяққа алданып қалды


“Алты ай бұрын серіктестіктің негізін қалаушы Дәулет Түймебай ата-аналардың барлық наразылығы мен арыз-шағымдарына жауап беріп, оқыту деңгейін көтеруге және барлық сертификаттарды беруге уәде берді. Одан әрі оқығысы келмейтіндерге ақшаны қайтаруға уәде берді. Бірақ ата-анасы ешқашан ақшасын қайтармады.

Қазір маусым айының басынан бері сабақ мүлдем тоқтап қалды. Белгілі болғандай, мұғалімдер бірнеше ай бойы жалақы алмаған соң, жұмысты тоқтатқан. Ал компания жаңа балаларды алуды жалғастыруда. Көптеген ата-аналар сотқа жүгінді. Бірақ іс бір орында тұр. Жүздеген бала мен ата-аналар қазір мүлдем абдырап қалды. Барлығы дерлік несие алған, соның ішінде мен де бармын. Несие бойынша төлемдер жалғасуда, бірақ білім алып жатқан жоқпыз. Белгілі бір себептермен оқу ақысы да әртүрлі, бір баланы оқыту үшін 1,2 миллионнан 2,5 миллионға дейін алған”, – делінген жазбада. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Бұл орталыққа қатысты полицияға 100-ге жуық арыз түскен.

"Бірнеше рет жасалған аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша барлық эпизодтар бір іске біріктіріліп, қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын компанияға алданған бір топ тұрғын шу шығарған еді. 

Талқылау