12 млн теңге берген: Түркістанда мемлекеттен тегін грант алғысы келген әйел алаяққа алданып қалды
Түркістанда мемлекеттен грант алғысы келген әйел алаяққа алданып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Жәбірленуші өзіне мемлекеттен тегін, қайтарымсыз грант алуға көмектесуге уәде берген жергілікті тұрғынға сеніп, 12 миллион теңге берген. Ақшаны алған "көмекші" байланысқа шықпай қойған.
ҚазҰУ студенттеріне ректорлық грант уәде еткен алаяқ төрт адамды 7 миллион теңгеге алдап кеткен
Алданып қалғанын түсінген әйел бірден полицияға хабарласқан. Күдікті ретінде бұрын сотталған Түркістан қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте қытайлық бизнесмен алаяқтыққа тап болып, 530 миллион теңгеге алданып қалғаны туралы жазған едік.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"