Нұр-Сұлтанда мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтатылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары мен студенттері қашықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы хабар елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің Telegram каналында пайда болды.
"Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті білім бөлімінің 2021 жылғы 05 наурыздағы шешімі бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектептерде 1 ауысымның 0-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушылары үшін, сонымен қатар колледждерде 1-2 курстың студенттері үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Қалада бұрқасын болып, қатты жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжанып отыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"