Маусым айында Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық болады – Қазгидромет тізім жасады
Қазгидромет мамандары маусым айында құрғақшылық болжанған Қазақстан аймақтарының тізімін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay
Мамандардың болжамынша маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылағаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы әлі де ұлғаюы мүмкін.
Атмосфералық құрғақшылық мына аймақтарда болады:
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
- Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
- Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
- Қарағанды облысының Шет ауданында;
- Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
- Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
- Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
- Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.
Ал осы айда бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болмақ.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайы нормаға жуық болады деп болжануда.
Еске салсақ, осыған дейін климаттың өзгеруі Қазақстанға қалай әсер ететінін хабарлаған едік.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?