Қатерлі ісіктің ерте сатысында болатын әмбебап белгісі аталды
Онкологиялық аурулардың көбінде кездесетін, алғашқы сатыларында болатын белгілерінің бірі аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Express басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік ауруының даму сатысында өзіндік белгілер болады. Соның ішінде адамның түнде терлеуі – онкологиялық аурулардың көптеген түрлеріне тән.
Мамандардың пікірінше, түнгі терлеу лимфома, лейкемия, сүйек немесе бауыр қатерлі ісігінің дамып жатқаны болуы мүмкін.
Сонымен қатар, ол басқа ауруларда да болады. Дәрігерлер қатерлі ісікпен ауыратын адамның денесінде терлеуге әкелетін ерекше гормоналды фон бар екенін айтады.
Ол жүрек соғысының жиілеуі және қалтыраумен бірге орын алуы мүмкін.
"Қатерлі ісік дене қызуының көтерілуін тудырған кезде денеңіз салқындауға тырысып, шамадан тыс терлейді", — дейді сарапшылар.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған