БҚО-да полицей мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды
Батысқазақстандық учаскелік полиция инспекторы мал ұрлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Қазір тәртіп сақшысының қанша малды ұрлағаны және оның сыбайластарының кім екені анықталып жатыр. Әзірге он шақты адамнан 50 малдың ұрланғаны туралы арыз түскен. Олардың барлығы -күдіктінің ауылдастары.
Келген шығын 15 миллион теңгеге жуықтайды. Бір қызығы, облыстың бас полицейіне шағым түсіргеннен кейін ұрланған малдың кейбірі иелеріне қайтарылыпты. Дегенмен облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартып, басқа деректерді жариялаған жоқ.
“Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-1 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде”, – дейді БҚО полиция басқармасының баспасөз хатшысы Лунара Аманғалиева.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"