Павлодарда жөндеуден өткен перзентхананы жаңбырдан кейін су басты (видео)
Павлодарда перинаталды орталықтың жөнделген шатырынан жаңбырдан кейін су ағып, бүкіл ғимаратты су басты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан төбеден, розеткалардан су сорғалап жатқанын көруге болады. Ғимараттың бесінші қабатынан бірінші қабатына дейін су басқан, деп хабарлайды жергілікті kerek.pv Instagram-паблигі.
Жөндеу проблемасымен жергілікті нұротандықтар айналысты. Nur Otan партиясы Павлодар филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко сапасыз жөнделген шатыр үшін "ҚазЕвроСтрой" ЖШС мердігер ұйымының құрылысшыларына шүйлікті.
"Бұл әлеуметтік нысан, бұл жерде сәбилер дүниеге келеді. Сіз бен біздің балаларымыз", – деп ашуланды ол.
Партия мүшесі перинаталды орталыққа "идеологиялық және патриоттық" тұрғыдан қарауды талап етті.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.