Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марста өмір сүруге қолайлы жағдайдың бар екені анықталды

Астробиологтар Марстың жер қойнауында микробтар өмір  сүре алатынын анықталды. Олар микробтар өмірін энергия мен басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Astrobiology журналында жарияланған мақалада қысқаша зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30 жылдан  кейін Марсқа адам аяғы баспақ

Мамандар Марс бетінен бөлініп, Жерге құлаған метеориттердің химиялық құрамын зерттеген. Бұл жыныстар сумен үнемі байланыста болса, микроорганизмдердің тіршілік әрекеті үшін маңызды жанама қосылыстар шығара алатындығы белгілі болды. Мәселен, Жердің Күн сәулесі жетпейтін қуыстарында өмір сүретін микроағзалар үшін маңызды. Деректер Марстың жер қойнауының көп бөлігі тіршілік иелері үшін қолайлы екенін көрсетеді.

Радиолиз кезінде тау жыныстарындағы радиоактивті элементтер сумен әрекеттеседі, ол сутегі мен оттегіне ыдырайды. Сутегі жер асты суларында ериді, ал пирит сияқты минералдар сульфат минералдарын шығарып бос оттегін сіңіреді. Микробтар еріген сутекті отын ретінде сіңіріп, сульфаттарда сақталған оттегін сол отынды "жағу" үшін қолдана алады.


Ғалым Жер шары 35 миллион жыл бұрынғы қалпына оралатынын болжады

 

Біздің галактикамыз туралы қызықты деректер


Зерттеу көрсеткендей, Марс метеориттерінің бірнеше түрінде торий, уран және калий сияқты радиоактивті элементтер, сульфаттарға айналдыруға болатын сульфидті минералдар және суды алу үшін жеткілікті кеуекті кеңістігі бар жыныстар бар. Бұл деректер Марста өмір сүруге қолайлы жағдай болуы мүмкін екенін растады.

Марста жер асты суларының белсенді жүйесі болғандығы белгілі және жер асты сулары бүгінде бар деп айтуға негіз бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр