Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Не себепті сайлау бюллетеньдерінде қолдан сызылған фамилиялар жүр? ОСК түсіндірді

Қазақстандықтар дауыс беруге арналған бюллетеньдерде қолдан сызылған фамилиялар барын байқады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сайлау мажилис

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдегі сызылған есімдер –  соңғы сәтте қатысудан бас тартқан үміткерлер.

Сондай-ақ сайлаушыларға бюллетеньдермен селфи жасау тәртібі айтылды.

“Егер селфи әлеуметтік желіде жарияланса, қолындағы бюллетеньдерде дауыс берген азаматқа қойылған белгілер көрінсе, онда белгілі бір жағдайларда бұл үгіт-насихатқа теңестірілуі мүмкін”, – дейді 

Сонымен қатар байқаушылар мен сенімді адамдар телефонды қандай учаскелерде пайдалана алмайтындығы түсіндірілді. Бұл – әскери бөлімдер, ауруханалар мен санаторийлер. 

Айта кетсек, Алматыда ғана бір мандатты үш округ бойынша мәжіліс депутаттығына тіркелген 105 кандидаттың 23-і дауыс беру тізіміне алынып тасталды. Ал мәслихатқа сайлау бойынша 171 кандидаттың 27-сі өз еркімен бас тартты. Сондықтан, егер сайлаушы қателесіп, сызылған кандидатты белгілесе, олар бюллетеньді урнаға түсірмес бұрын ауыстыра алады.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 19 Наурыз, 2023 15:48
Талқылау