БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұны әркім білуі тиіс: Жаныңыздағы адамның суға батып жатқанын қалай білуге болады

Адам суға батқан жағдайдың бәрінде белгі беруі сирек жағдай. Теледидардан көрсеткенде адам қолын көтеріп, айқайлап жатады. Ал, шын өмірде олай болмауы мүмкін.  

"Ғылым докторы Франческо Пиа (Francesco A. Pia) "Суға батушының интенсивті реакциясы" (Instinctive Drowning Response) жұмысында суға батқан адам туралы жазылған. Суға батқан адам көпшілік ойлайтындай қолымен шақырып, айқайламайды. Бұл процесс тыныш қана өтеді. 15 жасқа дейінгі балалардың суға кетуі әлемдегі адам өлімінің (жол апатынан кейінге) екінші себебі. Келесі жылы суға кететін баланың оқиғасы 750-і ата-анасынан не жақындарынан 20 метр қашықтықта болады. Кей жағдайда үлкендер жанындағы балалардың суға тұншығып жатқанын байқамауы да мүмкін.  

Дәрігер Пиа жағалау күзетіне тиесілі On Scene журналында суға батқан адамның келесідей интенсивті белгілерін атады:

  1. Кей жағдайды есепке алмағанда, суға батқан адам физиологиялық тұрғыда көмекке шақыруға дәрменсіз. Адамның тыныс алу жүйесі тек тыныс алуға ғана мүмкіндік береді. Тыныс алған соң ғана сөйлей алуы мүмкін.
  2. Адамның аузы су астында болғандықтан ол тыныс алып, сөйлеп үлгермейді. Судан шыққанда тек тыныс алып үлгереді. Осыдан соң қайта суға батады.
  3. Суға батқан адамдар қолымен көмекке шақыра алмайды. Олар қолымен судан шығуға арпалысып жатады. Осылайша судан шығып, тыныс алуға мүмкіндік алады.
  4. Суға батқан адамдар қолын бақылауда ұстай алмайды. Қолымен шақыруға, құтқарушыларға жақындауға дәрменсіз болады.
  5. Суға батқан адамның денесі суға батқаннан бастап вертикальді күйде болады. Егер құтқарушы оны судан алып шықпаса, адам жанталасқан күйі 20-60 секунд су бетінде болады. Осыдан кейін суға батады.

Бұған қарап, су ішінде қолымен көмекке шақырғандарды әзілдеп тұр деп ойламаңыз. Бұл су астындағы паникалық көңіл-күй болуы мүмкін. Бұл суға батушының интенсивті реакциясының алдындағы жағдайы. Уақыты ұзаққа созылмайды. Суға кеткен құрбандардан айырмашылығы – мұндайда құтқарушысына көмек болады. Ол құтқарушы құралынан ұстанып қалуы мүмкін.  

Егер сіз жағалауда мынадай белгілерді көрсеңіз, адам суға батып жатыр деп түсініңіз:

  • Адамның басы суға батып, аузы жоғары жағында болады;
  • Басы артқа кетіп, аузы ашық күйде қалады;
  • Шыны, жабық көздерінде тіршіліктің белгісі байқалмайды;
  • Көзі жабық күйде болады;
  • Шашы беті мен көзін жауып қалады;
  • Адам су астында вертикальді күйде болады, аяғымен әрекет жасамайды;
  • Белгісіз бағытқа жүзбек болғанымен, нәтиже болмайды;
  • Шалқасымен жатуға талпынады;
  • Адам жиі тыныс алады;
  • Арқанды сатымен жүріп бара жатқандай көрінеді;

Ең басты белгі – адам суға батып жатқан жанға мүлде ұқсамайды. Оны білу үшін жанына барып "көмек керек пе?" деп сұраңыз. Егер суға батпаған жан болса, жауап берер. Егер жауап болмаса, сіздің оны құтқаруыңызға жарты минутыңыз ғана бар. Ата-аналарға ескерту, егер балаңыз суда тынышталып қалса, дереу көмекке барыңыз. Әдетте балалар суда шулап ойнайды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр