Министр Астанаға тартылатын газдың бағасы қанша болатынын айтты
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев “Сарыарқа” газ құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін газдың бағасы қанша болуы мүмкін екенін айтты. Министр газдың болатын бағасын Еуропа елдері мен Ақтөбені салыстыра отырып түсіндірді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Министр газ бағасы көмірмен салыстырғанда қымбат болатынын жасырмады.
“Газ Еуропамен салыстырғанда өте арзан. Ақтөбе облысымен салыстырғанда, ол шынымен қымбат. Шымкент, ОҚО немесе Алматы облысына қарағанда соншалықты қымбат емес. Біз газдың бағасын болжаммен бір текше метріне 47-50 теңге болады деп отырмыз”, — деді министр.
Оның айтуынша, магистралды газ құбырының құрылысына 267 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.
“Қазір халықаралық қаржы институттарымен келіссөз жүріп жатыр. Шамамен 70 – қарыз, 30 – өзіміздікі”,- деп атап өтті Бозымбаев.
Тағы оқыңыз:
Елбасы жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті
Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)
АҚШ-та оқитын қазақ баласы қайғылы жағдайда қайтыс болды