"Мен қызбын ғой": Тараздық аяғы ауыр келіншек өзінің еркек емес екенін ақыры дәлелдеп шықты
Бұған дейін Тараздық тұрғын Нұрзат Қалдыбаева төрт жыл бойы құзырлы органдарға өзінің еркек еместігін дәлелдеп, құжаттарындағы қатені түзете алмай келе жатқаны жазылған. Аяғы ауыр әйел ақыры талабын орындатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығында әйелдің құжаттарындағы қатені түзеп, "ер" деп көрсетілген жынысын әйелге" ауыстырған. Бұл жөнінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.
Кейін белгілі болғандай, қатенің басы перзетханада басталған екен, сол жерде рәсімделген құжаттарға жынысын "ер адам" деп жазып жіберген. Мұның салдары дәл осындай қателікпен туу туралы куәліктің берілуіне әкелген.
- "Танымайтын жігіт сыртымнан ұнатып, алып қашып кетті": 15 жасында келін атанған алматылық бойжеткен өмірі жайлы айтты
- Павлодар облысында жаңадан салынған үйдің төбесі кішкентай баланың үстіне құлады
"Әйел ХҚО-ға қайта хабарласқанда қызметкерлер онымен кеңесіп, жағдайды шешуге көмектесті. Қазір азаматтық ахуал актілерін тіркеу органдары қолда бар туу туралы куәлік пен жеке куәлік бойынша жазбаларға түзету енгізіп, түзетілген туу туралы куәлік берілді. Қазіргі таңда құжаттарында ешбір қате жоқ", – деп түсіндірді мемкорпорация.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
