Соңғы жаңалықтар

«Мен енді құдаймен біргемін»: Жол апатынан көз жұмған актриса өлер алдында соңғы хатын жазып кеткен

Өткен жылы Жаңа жыл қарсаңында жол апатынан белгілі актриса Шолпан Елгезек 45 жасында көз жұмды. Шолпан қайтыс боларының алдында соңғы хатын жазып кеткен екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия Бірінші арнасының "Бір сұрақ" ток-шоуына сілтеме жасап.

актриса

«Қымбатты Алла тағала! Жазбағаным үшін кешірші. Бірақ мен сені әруақытта ойлаймын. Мен сен үшін өмір сүремін, қуанамын. Мен бүгінгі және өткен күнім үшін рахмет айтқым келеді. Мені рухани дамытып жатырсың. Маған бұл қатты ұнайды. Мен бақытты адаммын. Осындай бақыт берген құдайға рахмет айтамын. Ата-анам, ата-әже, құрбыларым, әріптестерім, достарым және өмірімде болған барлық жандарға алғыс білдіремін. Егер кімде-кімді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мен барлығыңызды кешірдім. Мен енді құдаймен біргемін. Ол ішкі жан-дүниемді тазалайды. Менің жүрегім барлығына ашық. Бойымда махаббат юар. Құдайым мен сені қатты жақсы көремін. Мен күштімі. Өйткені сен мені осылай жараттың», – деп жазған хатында. 

Хатты оқыған әкесі мен анасы көздеріне жас алып, марқұм қыздары туралы сыр шертті. Бағдарлама кезінде марқұмның анасы қызының өмірін қиған көлік жүргізушісін өмірбақи кешірмейтінін айтты. 

«Кешірім берген жоқпыз. Баламды өлтіріп өлтіріп отыған адамды кешіру мүмкін емес. Бір адам емес үш адамды басып отыр. Мүмкіндігінше, балалар жаңа жылды ата-анасымен қарсы алатын. Түнгі 12-де тілегімізді бір-бірімізге айтып, ары қарай өз жолдарымен кететін. Біз жолдасым екеуміз теледидарымызды көріп, солардың амандығын тілеп отыратынбыз. Осы жолы да солай болады деп жоспар құрып отырғанбыз. Бірақ 29 күні таңертең суық хабар келді», – дейді марқұм актрисаның анасы.
Шолпан Елгезек оқиғадан екі күн бұрын құрбысы Гауһар Әбжаппаровамен кездесіп, оған әңгімесін айтқан екен.  

«Жұмысқа келіп мені алып кетіп «Барлығыңды сағындым. Кездесейікші» деді. Сөйтіп курстастар 5-6 болып жиналып, екі кештің арасында кездестік. Сол күні өзі нұрланып отырды. «Қандай қиындық көрсеңдер де, бастарыңа қарабұлт үйірілсе де мен сендерге рахметімді айтамын» деп бізге рахметін айтты. Сол күні көңіл көтердік, биледік. Бізге 20 жыл бұрынғы өмір қайта оралғандай болды. Кейіннен хабар келгенде сенбедік. Шопатай өмірде өте шынайы адам еді. Соңғы уақытта өзінің тұрмысқа шыққысы келетінін айтып жүрген», – дейді құрбысы.

Ал актрисаның жалғыз қызы анасының Қазақстаннан көшкісі келгенін айтады. Ол Түркия елінің киноиндустриясына кетуді жоспарлап, тіл үйреніп жүрген екен. 

«Соңғы кезде Түркияға көшуді жоспарлап жүр едік. Ол түрік тілін меңгеріп жүрген болатын. Өйткені анама түрік индустриясынан киноға түсуге ұсыныс түскен болатын. Алайда, жоспары орындалмады. Өкінішке орай, бұл оның ғана арманы болғандықтан мен оны жалғыз өзім жүзеге асыра алмаймын. Оның мақсаты актриса болу еді. Басты арманы жүзеге асты. Сондықтан да менің жүрегім тыныш. Ешқандай өкінішім жоқ, себебі ол ғажап өмір сүрген адам», – дейді марқұмның қызы.

Әкесі Рахымжан Елгезектің айтуынша, Шолпан аз ғұмырында көптеген арманына жете алыпты. Ол туыстарының жоғын жоқтап, қол ұшын да бере білген екен. Кішкене театрымен ел аралап, халықтың ілтипатына бөленіпті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың алдында өнер көрсетіп, олардың да алғыстарын алған. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...