Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекетке 1,2 миллиард теңге залал келтірген ХҚКО қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

25 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

антикор топ

Фото: видеодан скриншот

Олар ұйымдасқан топ құрып, басшылық жасау, мемлекетке мүліктік залал келтіру, "Web-Модуль" ҚКО" және "ХҚКО ИАЖ" ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау бойынша айыпты деп танылды.

2022 жылдың қаңтарынан мамырына дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 миллиард теңгеге жетті.

“Сот үкімімен 32 адам сотталды. Оның ішінде Астана қаласының №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы Бөкебаев пен Астананың арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды. 5 топ қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 көмекшіге бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Олар арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айырылды.

Сонымен қатар тергеу барысында арнайы ХҚКО маманы көлік құралдары иелерінің қолтаңбаларын қолдан жасау фактілері автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша нысандарында анықталды.

Талқылау