Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 3 пайыздық ипотекалық бағдарлама дайындау ұсынылды

Парламент мәжілісінің депутаты Николай Арсутин ауыл тұрғындары үшін Қазақстанда жаңа төмен пайызбен ипотека енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: m.politnavigator.net

Мәжілісмен премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге жолдаған депутаттық сауалында ауылдық елді мекендердің басты проблемаларының бірі тозығы жеткен тұрғын үй қоры екенін атап өтті.

"Өткен жылдың аяғындағы мәлімет бойынша  ауылды жердерде 141,2 миллион шаршы метр немесе 1,8 миллион тұрғын үй болса, оның 50%-ы 40 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Су тасқынының қиын жағдайына байланысты бұл жағдай ушығып барады", – деді Арсутин.

Депутат бұл мәселені шешу үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотекалық несие беру шарттарын ұлғайта отырып, тұжырымдамалық жаңа бағдарлама әзірлеу қажет деп санайды.

"Елдегі кейінгі оқиғаларды ескере отырып, бағдарламаны жүзеге асыру өте өзекті деп санаймын. Бұл қиын жағдайға тап болған адамдарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан ерекше қамқорлықтың дәлелі болмақ. Сондай-ақ, заманауи тұрғын аудандар мен озық талаптарға жауап беретін жаңа тұрақты инфрақұрылымды салу арқылы ауылдық жерлерде тозығы жеткен тұрғын үй қорын түбегейлі жаңартуға болады", – деді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, бұл мәселені қарастырған кезде ресейлік және беларусиялық әріптестерінің тәжірибесі зерделенген.

"Ресейде 2020 жылдан бастап ауылдық ипотекалық несие берудің мерзімі ашық бағдарламасы – шағын қалаларда жылдық 3 пайызбен жылжымайтын мүлікті сатып алуды жеңілдетілген несиелендіру жұмыс істейді. Жеңілдікті несиенің сомасы 6 миллион рубльге жетеді. Бағдарлама халқы 30 мыңнан аспайтын ауылдық елді мекендердің тұрғындарына қатысты. Сонымен қатар толық немесе ішінара Ресей шекарасында орналасқан елді мекендердің тұрғындары ауылдық ипотеканы пайдалана алады. Бұл ретте трансшекаралық ипотека 0,1%-бен беріледі", – деді мәжілісмен.

Осы орайда депутат үкіметке ауыл тұрғындарына несие беру мерзімін 25 жылға дейін ұлғайтып, жылдық мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайтын жаңа ипотекалық бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Талқылау