Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маңызды нәрсені жоғалтқандай сезіндік": Иранда президент өлімінен соң халық алаңдаулы

Иранда президент мерт болғаннан кейін бес күндік аза тұту жарияланып, уақытша президент тағайындалды. Халық маңызды саяси қайраткерінен айырылып, енді елді не күтіп тұрғанына алаңдаулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ресей СІМ

Қайғылы оқиғаға дейін Раиси Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Олар Аракс өзенінің шекарасында орналасқан Гыз-қала бөгетін ашты. Бұл жерде Ибраһим Раиси халқына бөгеттің қандай пайда әкелетінін түсіндіреді. Үйіне қайтып келе жатқан оның тікұшағы апатқа ұшырады. 

“Бұл – мен үшін ғана емес, еліміздің көптеген тұрғындары үшін өте қайғылы жаңалық. Өйткені ол халық сайлаған президент болды. Ол күн сайын жағдайды жақсартуға тырысып, өте белсенді болды, сондықтан көңіліміз түсті”, – деді Иран тұрғыны.

"Бұл жаңалық расталғанда, біз маңызды нәрсені, қолдауды жоғалтқандай сезіндік”, – деді ирандық.

Президенттер елге көңіл айтты.

“Ең алдымен, кеше болған апаттан кейін республика президенті, сыртқы істер министрі және олармен бірге келген делегацияның көз жұмуына байланысты бауырлас Иран халқына көңіл айтамын. Алла Тағаладан олардың күнәсі кешірілгенін сұраймыз”, – деді Катар премьер-министрі Мұхаммед Бин Абдулрахман Бин Джасим Әл Тани.

“Апат туралы естіген сәттен бастап біз Иран билігімен байланыста болып, құтқару операциясына көмектесу үшін барлық техника мен құралдарды жібердік. Бірақ, өкініштісі, жақсы жаңалық ести алмадық”, – деді Түркия сыртқы министрі Хакан Фидан.

Қаза тапқандар бүгін жерленеді.

Еске салсақ, Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Жағдайдан соң Тоқаев Иран президентінің қазасына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Талқылау