Маңғыстау облысында бір отбасының 4 мүшесі жол апатынан қаза болды
Маңғыстау облысы ІІД Жаңаөзен қалалық ІІБ криминалистері 4 жолаушының өліміне алып келген ірі жол апатының себебін тергеуге кірісті.
Куәгерлер түсірген сурет
Кеше кешке «Жаңаөзен-Құланды» тас жолында Жаңаөзен қаласынан 10 шақырым жерде «Лада ВАЗ-2115» пен «Mitsubishi Pajero» джипі соқтығысты.
Апат салдарынан 1973 жылғы ер адам мен оның 1975 жылғы жұбайы, 2005 және 2006 жылғы екі баласы мерт болды.
Оқиға орнына жеткен қызметкерлер екі зардап шеккен адамды және екі адамның мүрдесін тапты. Оларды сол жердегілер қирап қалған көліктен шығара алмаған. Екі мүрде майысып қалған «Лада ВАЗ-2115» көлігінің ішінде болған, оларды көлікті кескеннен кейін барып алып шықты. Қаза болғандар саны 4-еу. Зардап шеккендер шұғыл медициналық көмек дәрінгерлеріне табыс етілді», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД-ның Өрт сөндіру және АҚЖ қызметі бастығының орынбасары Селімов.
Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі қалалық емханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау