Атыраудағы мектепте 9-сынып оқушысы 12 жастағы қызды жарақаттады (видео)
Видеодан скрин
Атыраудағы мектепте 9-сынып оқушысы 12 жастағы қызды жарақаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы оқу орнының дәлізінде 12 жасар оқушы қызға үшкір затпен шабуыл жасаған. Желіде тараған ақпаратта қыздың бірнеше жерінен жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені айтылған.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
"Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Қазір полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен