Алып қашудың құрбаны болған қыз жантүршігерлік апаттың қалай болғанын айтып берді

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 21:40

Осы Алматы облысында қыз алып қашып келе жатқанда болған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған қыз тілге келді. Бүгін Әлия Ошақбаева болған оқиғаны тілшілерімізге өз аузымен айтып берді. Айта кетсек, бірер күн бұрын қыз алып қашудың арты 4 адамның өлімімен аяқталған еді. Яғни, келін түсіруге асыққан көлік қарсы бағытта жүйткіп, жүк көлігімен соғысқан болатын. Машинадағы қалыңдықтан басқалары сол жерде тіл тартпай кетті,-деп жазды КТК арнасы.

алып-қашу

Басында той болады деп, өкінішке қарай, арты жаназамен аяқталған оқиға Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында орын алды. Қыз алып қашып келе жатқан көлік қарсы бағытта жүйткіп, жүк көлігіне соқтығысқан. Күйеу жігіт пен жолдастарының өмірі сол жерде қыршыннан қиылды. Жалғыз аман қалған Әлия Ошақбаева ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген. Басында оны жігіттер келісіммен алып қашқан деген ақпарат тараған еді. Бірақ Әлия соны теріске шығарып отыр.

«Алдап шығарып алды, көмек сұрап. Басқа жаққа кетіп бара жатқаннан кейін сұрадым «Қайда барамыз?» деп. Содан кейін, «Алып қашу деген осы болады» деді де, бұлар. Біреуі үйіне хабарласты. «Көнбей келе жатыр» деді. Онда «Үйге тез жетіңдер» деді. Бұлар жылдамдықты көбейтті»,-дейді бойжеткен.

Жол апатынан 22 жастағы қыздың қол-аяғы, жамбасы мен омыртқасы сынған. Аудандық аурухана дәрігерлері оны бүгін ғана жан сақтау бөлімінен шығарды.

«Мұнда жедел жәрдеммен жеткізілгенде науқастың жағдайы өте ауыр болды. Біз тиісті ем жасап жатырмыз. Бойжеткенге 2 рет ота жасалды. Қазір беті бері қарап келеді»,-дейді Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Аян Шілдебаев

Отбасын құрамын деп қыз алып қашқан 28 жастағы жігіт те, оның жолдастары да кеше жер қойнына тапсырылды. Қара жамылғандар Әлияның жақындарынан кешірім сұрап келіпті. Ал сынбаған жері қалмаған қыздың жақындарының тек бір ғана талабы бар.

«Ол кісілерден талап ететінім: қарындасым қалай болды аварияға түспей тұрып, қалай жүрді, сондай қалпына әкеліп берсін. /16:52/ – Жерлеп біткеннен кейін ертесі барамыз больницаға деген. Ол значит бүгін. Бүгін ешкім келген жоқ»,-дейді Әлияның ағасы Әлижан Ошақбаев.

Қазір соңы орны толмас қайғымен аяқталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Арнайы сараптама да тағайындалған.
Ал, жантүршігерлік апаттан денесінің сау-тамтығы қалмаған қыз бұл ауруханада дүйсенбіге дейін болмақ. Бірақ бұл Әлия Ошақбаева құлан таза айығып кетті деген сөз емес. Науқасқа әлі бірнеше рет ота жасалуы тиіс. Сондықтан, ол енді қалалық дәрігерлердің бақылауына ауыстырылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

29
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осы қыз алып қашатындарды түсінбейім . Ер азамат , жігіт емеспе , өздіктерінен қызбен танысып , сөз айта алмайма ? Көз жасы жібереме .

  • Анонимно says:

    Сынақ қой.. сабыр ет, Әлия!! кеширим берген дұрыс. олар да арыстай азаматтарынан айрылып отыр.

  • Айгүл says:

    Қаза қайырлы болсын! Ал қызға кім көмектеседі сонда! Қызды аяғынан тұрғызып берсін! Ол болашақ ана емес пе! Пікір айтатындар өзіңіздің қызыңыз осындай жағдайға душар болса құн даулама деп айтатынба едіңдер? Қайдам…

  • Али says:

    Кызыксыңдар, мүгедек кылганына шүкір дей ма. Құн даулау орынды. Денсаулығын қалпына келтіру үшін қанша қаражат керек. шаштың тугі жетпейді. Мына заманда науқастың кутіміне де зор шыдамдылык керек. Қыздың туыстарына алла шыдамдылык берсін. Тез аякка тұрып кетсін, Алла шипасын берсін.

  • Анонимно says:

    Жауыздар өздеріне сол керек. Қыздың өмірін қорламақ болғандар. Тозақтың түбіне кетсін.

    • Анонимно says:

      Уят емеспа олген адамнын артынан сондай ангиме айтканын, сени не кутип турган нын озин билесинба, еш болмаса Адамдык касиет кайда ?

      • Анонимно says:

        Егер шынымен кыздын келисиминсиз корлап алып кашса онда Ондай адамдардын лайыкты орындары сол тозак. Ал сенин кызынды солай истесе корер ем. Басына туссе баскаша сойлер един. Кунын алу керек балаларынын корлыгы ушин ошти аке шешелеринен алу керек улдарын дурыстап тарбиелемегени ушин

  • Анонимно says:

    Ойпырмай жан туршигерлик окига,жандары саламат болсын. Шырагым құн даулама,аман есен калыпсын,тауба де, сенде АЛЛАнын сынагындасын,жазылып кетуинди тиле кудайдан,адамнан емес.

  • Анонимно says:

    Аман есен калыпсын шукир де,құн дауламай шукир кылсын аган.олип кеткенинде не болар еди.онсызда кара жамылып отыргандарга соккы болма синлим

    • Анонимно says:

      Кешырымды болу керек Алия оларда баласынын айырлып отыргой Алла тагала шипасын берсын саган

      • Анонимно says:

        Алия аман есен аякка турып жазылып кет.сен не ушин танымайтын коликке миндин.каза болгандарды жазаламайык.

    • Анонимно says:

      Кыз уинен шыканына караганда булар бурынан таныс болып тур го.ким билет келисимен болган наррсе шыгар.арты мынандаи болган сон созден таясалган шыгар Алла сактасын.озин аман калыпсын соган шукир кыршындаи кетти кыиын иманды болсын.бундаиды ешкимнин басына бермесин аман болындар…

  • Анонимно says:

    Имандары саламат болсын. Қыздың келісімін алып, жолға бір-ақ шықпаған екен. “Асыққан сайтан ісі” демейтін бе еді. Кім екен тез жетіңдер деген? Сол адам кінəлі.
    Əлия, аман қалдың ғой, соған да шүкіршілік ет. Құн дауламай-ақ қой, онсыз да жазаларын алды ғой. Жаның олжа. Бəріне алла сабыр берсін.

  • Анонимно says:

    Кыздын каргысына ушыраганго кудай сактасын

  • Анонимно says:

    аман қалғаныңа қуанбайсыңба жанымау? бір аллаға шүкір етписіңба күнə бір жақтан болмайды екі жақтан болады

    • Анонимно says:

      Алланын иси бул кешириммен караугада болады оларда булай боларын билмедигой

      • жумбак says:

        Алия ози билип шыккангой 22жастагы кыз машинада озинен баска кыз бала болмагансон жакындамау керек еди жас кыз емеской алданды дейтин.Алия жанымау сенде олип кеткенде не истер един ?туыстарында да акылы бар адам жокпа? Бул саган омирде Алладан сынак минсиз жазылуынды бир Алладан сура канша жерден акша берип алтын берип емдетсе де Аллах каламаса жазылмайды.арине олар сени каратып емдету парызы. арбир адам оз ойларынын шешимин ауели Алладан сураса, журегине жылулык ,аузына дурыс соз, басына акылды ой салары хак.бизге айтуга онай арине бирак ишинен озине керегин аларсын.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар