Қарағанды облысында жол апатынан 17 адам жараланып ауруханаға түсті

Бейсенбі, 11 Тамыз , 2016 13:35

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында ірі жол апаты орын алды. Теміржол өткелінде тепловоз бен автобус соқтығысып, салдарынан 17 адам ауруханаға түскен, олардың екеуі ауыр халде жатыр.

19e88b779088e2ec9f640c826ac2c020

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Сәтбаев қаласында реттелмейтін теміржол өткелінде тепловоз бен автобус соқтығысты. Автобустың ішінде «Қазақмыс» кәсіпорнының жұмысшылары отырған. Жол апаты 10 тамыз түнде орын алды.

Зардап шеккендердің арасында тепловоз машинисі мен оның көмекшісі де бар. Жарақат алғандардың дені – «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі қызметтік автобустың жолаушылары.

«Жол апаты салдарынан 17 адам ауруханаға түсті. Оларға ем-диагностика процедураларының барлық кешені көрсетілді. Екі адам ауыр халде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты», – деп мәлімдеді Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметінен.

«Қазақмыс» корпорациясы зардап шекендерге қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Оқиға себептерін анықтау мен тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастап та кеткен.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар белгіленді», – деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Жіберіп алмаңыз:

Алып қашудың құрбаны болған қыз жантүршігерлік апаттың қалай болғанын айтып берді

Алматыда апатқа ұшыраған автобустағы жүкті әйел бетінің сау тамтығы қалмаған

Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар