Маман көктем мезгілінде ағзаға қажетті тағамдарды атады
Диетолог Анна Макарова көктемнің басталуымен тұтынып жүрген өнімдерге өзгеріс енгізу керек екенін айтты. Маман күн жылыған сәтте ағзамыз өз бетінше жеңіл тағамдарды қажет ететінін жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Прайм" порталына сілтеме жасап.

Маман суық кезеңде денеге жылуды сақтау үшін көбірек энергия қажет болса, күн жылыған мезгілде жеңіл тағамдарды қабылдаған жөн екенін айтады.
"Қыс біткесін жоғары калориялы тағаммен жылыну қажеттілігі де жойылады. Еттің орнына көбірек балықты, ал қанық сорпаның орнына жеңіл көкөніс немесе салқын сусындарды таңдауға болады", - деп түсіндірді Макарова.
Дәрігер сонымен қатар көктем мезгілінде дәрумен қорын толықтыру үшін мәзірге маусымдық көкөністерді, жемістер мен жидектерді көбірек қосуды ұсынды.
“Сондай-ақ, маңызды ережені ұмытпаңыз. Көкөністер, шөптер, жеміс-жидектер әр тамақтанар кезде жарты тәрелкедей тұтынылуы керек”,- деп қорытындылады Макарова.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"